Курс туралы
Jas Leader Akademiiasy жобасы – бұл көшбасшылық әлеуетін ашқысы келетін, командамен жұмыс істеп, өз ойын сенімді жеткізіп, коммуникациялық машығын дамытқысы келетін мұғалімдерге, студенттерге және 5–11-сынып оқушыларына арналған бағдарлама. Бағдарлама дайындығының деңгейі әр түрлі болғанына қарамастан дамуға ұмтылатын қатысушыларға қолайлы. Біз әр адамның өз ортасына оң өзгерістер енгізе алатына, өзгелерге шабыт сыйлайтын көшбасшы бола алатынына сенеміз.
Жоба Тарихы
Jas Leader Akademiiasy жобасы 2021 жылы Болат Өтемұратов қорының бастамасымен Қазақстан жастарына шабыт беріп, оларды қолдау миссиясымен басталған еді. Қанатқақты жоба ретінде басталған бағдарлама аз ғана уақыт ішінде еліміздің 5 өңірін қамтып, 200-ден астам мектептен 41 500-ден астам оқушыны тартты. Жоба интерактив шеберлік сабақтары, практикалық тапсырмалар және жыл сайынғы Jas Leader форумдары арқылы мектеп оқушылары мен мұғалімдердің басын қосты. 2025 жылы сәтті аяқталған пилоттық кезеңнен кейін бағдарлама жергілікті сертификатталған ұйымдарға беріліп, ауқымы кеңейіп, одан да көп баланы қамти алды.
Жоба жетістіктері
Ауқымы
көшбасшылық және командамен жұмыс машықтарын дамытатын бағдарламаға 41 500-ден астам оқушы қатысты.
Мұғалімдер даярлау
300-ден астам педагог арнайы оқудан өтіп, шеберлік сабақтарын жүргізуге мүмкіндік алды.
Жыл сайынғы форумдар
2021–2025 жылдар аралығында Алматы қаласында жүздеген белсенді қатысушыны жинаған Jas Leader форумдары өтті.
Қор туралы
Болат Өтемұратов қоры 2014 жылдың басында құрылған.
Қордың миссиясы қоғамды алға жылжытуға бағытталған пайдалы әрі тұрақты шешімдер жасау үшін адамдарды, идеяларды және ресурстарды біріктіру.
Болат Өтемұратов өзінің қайырымдылық қызметінде жүйелі тәсілге сүйеніп, бенефициар топтардың өмір сапасын жақсартуға және нысандардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Меценат өзінің бизнес жүргізудегі ұстанымдарын қоғамдық қызметіне де қолданады. Сондықтан Қор ұсынатын көмек әрдайым ашық, мақсатты, нәтижеге бағытталған және тиімділікті бақылауға негізделген.
Оқушылар не үйренеді
Командада жұмыс істеуді үйренеді
Әркімнің рөлін нақты бөліп, үйлесімді әрекет етуді үйренеді
Бастама көтеріп, жауапкершілік алуды үйренеді
Көшбасшылықты үйренеді
Өзгеше ойлауды және шығармашылық қабілетті арттырады
Креативті үйренеді
Коммуникация жасауды үйренеді
Ойын тиянақты жеткізуді үйренеді
Мақсатты саналы түрде қойып, өз жолын талдауды үйренеді
Мақсат қойып үйренеді
Эмоциялық интеллектіні көтереді
Эмоцияны түсінуді және басқару үйренеді
Оқу форматы
1
Интерактив сабақтар
2
Рөлдік ойындар мен топпен жұмыс
Талқы, практикум және кейстерді талдау
3
Тұлға ретінде даму, эмоция бойынша жұмыс
4
Курс бағдарламасы
Курс менторлары
Бақыт Нұрбол
Жобаның бизнес-тренері «Jas Leader Academiiasy»
Умерзаков Ербол
Жоба үйлестіруші-тренері, бизнес-тренері «Jas Leader Academiiasy»
Рұқсат алыңыз
Курсқа рұқсат поштаға келеді
info@dar.university
+7 (777) 310-62-31
© 2024 ЖШС “DAR Academy”
ЖШС «DAR Academy»
БСН 180640010737
Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Көктем-2 шағынауданы, 22, 050040